Шымкенттегі дендросаябақ өртенді. Оқиға 19 шілде күні сағат 18:55-тер шамасында болған.
"Қызыл жалын сағат 19.25-те оқшауланып, сағат 19.31-де толығымен ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Дендросаябақтың аумағы құрғақ шөптерден тазартылмағандықтан, жауапты тұлғалар ҚР ӘҚтК-ның 410-баптың 2-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады",-деді қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.