Шымкентке "Ең үздік спорттық аймақ" премиясы табысталды (ВИДЕО)

04 желтоқсан, 21:19

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті 19 қараша күні Ұлттық спорт сыйлығы - 2018 байқауын жариялаған болатын. Қазақстандықтар екі апта бойы үздік спортшы, үздік бапкер, команда, федерация немесе аймақты таңдап, дауыс берді. Байқауда 9 аталым болды. Соның ішіндегі "Үздік спорттық аймақ" аталымына Шымкент қалалық әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы да қатысты.

Енді, міне, бүгін кешке барлық аталымдағы жеңімпаздар салтанатты түрде жария етілді.
Бізге мобильді тілшіміз жіберген кадрларда сыйлықты тапсыру рәсімі түсірілген.
Дауыс берудің үшінші күнінде-ақ "Зың" қаланың спортшылары басқа өңірлерден 10 мың дауысқа озып кетті. Ал екі аптада шымкенттіктер жеке рекорд орнатып, 100 мыңнан астам дауыс жинаған. Және нағыз "үздік аймақ" атанды. Биылғы нәтижелер бойынша да Оңтүстік өңірі алда келеді. Соңғы жылдары алғаш рет үшінші мегаполистің спортшылары әлем чемпионаттарында 5 рет жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен қолға алынған спорттық сыйлық биыл төртінші рет өтеді.