19 тамыз, 11:37
17 тамызда Шығыс Қазақстандағы Средигорное ауылында жоғалып кеткен 1,5 жастағы баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
Бала екі тәуліктен бері іздестірілуде. Оқиға орнында 200-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Олар құтқарушылар, кинологтар, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер.
Құтқарушылар бұта арасын, шұңқырларды, жертөлелерді, ескі құрылыстарды тексеруде. Бала тұрған үйден 20 метр қашықтықта өзен арнасы орналасқан.
"18 тамызда ШҚО ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Жедел құтқару жасағының сүңгуірлер тобы өзен арнасын жоғары және төмен екі топпен тексеру жүргізді. Квадрокоптер Березовка өзені арнасының аумағын айналып өтеді. Өзен ағысынан төменірек Средигорный ауылынан шамамен бес шақырым қашықтықта мобильді штаб құрылды",-деп хабарлады облыстың ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Әлихан есімді ұл өз үйінің ауласында жоғалып кеткен болатын. Анасының айтуынша, ол 6 жасар әпкесімен бірге аулада ойнаған. Ал анасы үлкен қызымен ас үйде жүрген. Кіші қызы үйге кіргенде Әлихан қасында болмаған.
