Үйінде сөзжұмбақ шешіп отырған қарияның әрекеті көпті риза етті. Зейнеткер сканвордты қолындағы планшеттің көмегімен шешіп отырады. Яғни, интернеттегі «Алиса» дауыстық көмешінің көмегімен сұрақтардың жауабын оңай тауып алады.
«Атаға респект. Енді сканворд шешуде қиналсам, осылай жасаймын», «Goggle көмекке келген ғой», «Бұлай да істеуге болатын ба еді?..», «Ата мықты, басы жеткенді айтсайшы», «Аман болыңыз, ұзақ ғұмыр тілеймін», «Тамаша», «Қария пысық екен, орыс қызбен сөйлесіп отыр», «Мәссаған, мықты шешім» деп жазды желідегілер.