Шын мәнінде қазақстандықтар қанша жалақы алады?

10 қаңтар, 09:28

Астана активімен өткен жиналыста қала әкімі Бақыт Сұлтанов Астана қаласындағы орташа жалақы 230 мың теңге екенін мәлімдеді. Экономика министрлігі өз кезегінде 2018 жылдың ІІІ тоқсанындағы экономикалық саладағы орташа жалақы мөлшерін жариялады.

Жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу саласындағы мамандар орташа есеппен айына 51 438 теңге алады. Балық өсіру және аквамәдениет саласындағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 58 378 теңгені құрап отыр. Ал мектепке кейінгі тәрбие саласы қызметкерлері айына орташа есеппен 62 373 теңге жалақы алады.

87 734 теңге – тергеушілердің орташа жалақысы.
Есесіне жұмысқа орналастыру саласындағы мамандар (HR) айына орташа есеппен 563 449 теңге, ал сақтандырушылар айына 378 930 теңге жалақы алады. Қазақстан бойынша салалар бойынша 2018 жылдың ІІІ тоқсанындағы орташа жалақы мөлшері файлда.
Дереккөз – ҚР ҰЭМ статистика комитеті.
Дерек көзі: МНЭ РК