Үкімет басшысының орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ел аумағына кіріп жатқан Ресей азаматтарының саны азайғанын айтты. Бұл туралы ведомство басшысы тілшілер сұрағына жауап беру кезінде мәлімдеді.
«Соңғы мәліметтер бойынша кеше Қазақстанға ағылған ресейліктер саны төмендеді. Яғни, елімізден кеткен ресейліктердің саны келгендерге қарағанда артық болған», - деді министр.