Хэллоуиндегі каскадер өлімі: Тергеу аяқталды

04 желтоқсан, 17:03

Алматы қалалық Полиция департаментіндегілер танымал каскадер Қасым Жұмағужиннің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын xабарлады. Белгілі болғаны, оның өлімі ешбір қорлықтың салдарынан келмеген. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша каскадердің ​жүрегі тоқтап қалған, деп xабарлайды Алматы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz тілшісі.

"Ер азаматтың жүрегі тоқтап қалғандықтан қайтыс болғаны экспертиза кезінде белгілі болды. Сол себептен бұл оқиғаның қылмыстық әрекеті болмағандықтан іс жабылды"-деді ПД баспасөз қызметіндегідер.

Еске сала кетсек, Алматыдағы клубтардың бірінде 3 қараша күні Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде каскадер көз жұмған болатын. Ол биіктігі үш метрліктік төбеде трюк жасап тұрған. Әріптесі каскадер өзін жайсыз сезінгенін байқап, дереу оны төмен алып түседі. Оқиға орнына ақ xалаттылар келіп жеткенімен, әртісті ама алып қалу мүмкін болмады.