Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Бағбан Таимбетов халықпен кездесуге келген сәтінде тұрғындардың біріне түсірілім жасауға тыйым салды деген видео пайда болды. Оны Еділов Telegram каналында жариялады.
«Бұны қарап шешуіміз керек. Мәселені саясиландырудың қажеті жоқ. Мінезіңді қалтаңа салып қой. Шешілетін нәрсе шешіледі. Проблемаң бар ма, шеш заңмен. Ойнап жүр екенсің үндемегенге»,-дейді прокурор.
Аудан тұрғыны мәселесі заң аясында шешілмей жатанын айтып, прокурордың дөрекілік сөзіне «Мені қорқытып отырсыз ба?» деп сұрайды.
«Не қыламын қорқытып? Керек едің сен маған. Бар, онда. Мен сенімен емес, халықпен кездесуге келдім»,-дейді облыс прокуроры.