Солтүстік Қазақстанда 2 жасар қыз екінші қабаттан құлап кетті

27 тамыз, 15:45

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданының орталығында бүлдіршін 2-қабаттан құлап кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты ауыр.

Оқиға кеше, 26 тамызда болған. Үйде ата-анасы болмаған, 2 жасар қыздың қасында оқушы әпкесі болыпты. Жоғары сыныпта оқитын қыз сіңлісінің терезе алдында тұрғанын байқамай қалған.

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша іс материалдары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына жолданатын болады.