24 қараша, 12:17
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы гараж кооперативтерінің бірінен контрафакт өнімдерінің қоймасы анықталды. Онда 740 литр спирт пен 50 литр коньяк құйылған 158 бес литрлік ыдыс, сонымен қатар акциз маркасынсыз 22 369 қорап темекі тәркіленді.
Polisia.kz. жазуынша, гараж иесі нысанды қандай мақсатта пайдаланылатынына еш күдіктенбестен жалға берген. Тексеріс барысында заңсыз тауардың иесі анықталды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім шығару үшін Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды. Айта кетейік, жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер 7900 литр контрафактілік алкоголь тәркілеген.