Петропавл қалалық соты әлеуметтік желіде экстремистік мәлімдеме жасаған жергілікті екі тұрғынды 5 жылға бас бостандықтарын айыру жазасына кесті. Олар Солтүстік Қазақстанды Ресейге қосуға шақырған.
«2022 жылдың 11 желтоқсанында ерлі-зайыпты телекоммуникация құралдарын пайдаланып, "Чат Рулетка" қосымшасы арқылы Солтүстік Қазақстан облысының Ресей Федерациясына қосылуын жақтамайтын басқа тұлғаға ашық түрде Қазақстанның біртұтастығын сақтау тұрғысынан саяси және әлеуметтік тәуекелдерге әкеп соғатын қоғамдық қауіпті мәлімдемелер жасаған", - делінген сот мәліметіде.