14 қараша, 14:30
Екі зауыттың да өнімдері Қытайға экспортталады
Түркістан облысы, Шардара ауданында екі зауыт пайдалануға берілмек. Аталған кәсіпорындар мақтаны қайта өңдейтін болады.
TURKISTAN INVEST инвестициялық компаниясының баспасөз қызметі берген мәліметте, алғашқы зауытты қытайлық компания есебінен салынады. Жоба құны - 5 миллиард 475 миллион теңге. Нысан жалпы аумағы 13 гектар жерде орналасқан. Жұмыс орындарының саны 250-300 адамға есептелген. Өндірістік қуаты жылына 150 мың тоннаны құрайды.
Бүгінгі күні мұнда өндірістік ғимараттардың құрылысы жүргізілуде, нысанға қажетті жабдықтар мен техника жеткізілген. Жобаны іске қосу 2018 жылдың қараша айына жоспарланған.
Екінші зауыттың құрылысын қаржыландыру өзбекстандық инвестициялар есебінен «Айқажы» ЖШС-і жүзеге асырады, сомасы - 890 млн теңге. Өндірістік нысан «Шардара» индустриялдық аймағындағы 10 гектар жерде орналасқан. Жобаның қуаты - жылына 50 мың тонна. Нәтижесінде 50 жұмыс орны ашылады. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, бірінші кезеңнің іске қосылуы 2018 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Қос зауыттың өнімдері Қытай еліне экспортталады деп күтілуде.
Фото: ТО баспасөз қызметі
Автор:
Наталья Хайкина