ХҚКО қызметкері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

13 қараша, 16:30

Алаяқтық әрекеті Шымкент қалалық сыбайлас қарсы күрес қызметінің көмегімен анықталды. Қызметкердің әрекеті туралы арнайы қызметтің Call-орталығына тұрғын хабарлаған.

"Шымкент қаласы бойынша Азаматтарға арналған үкімет" мекемесінің құқықтық қамтамасыз ету маманы ҚР Жоғарғы соты кассациялық сатысындағы даулы жер учаскесі бойынша азаматтық іске оң шешім шығаруына жәрдем көрсетемін деген сылтаумен 250 мың теңге сомасында ақша қаражатын алдау жолымен иемденуге күдікті болып отыр. Күдіктіге қатысты процессуалдық ұстау күдіктінің және оның қорғаушысының іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш беруіне байланысты қолданылған жоқ.