Сіріңкемен ойнап жүріп күйіп қалған 7 жасар қыз жансақтау бөліміне түсті

09 тамыз, 11:03

Батыс Қазақстан облысында үйдің ауласында сіріңкемен ойнап жүрген кішкентай қыз күйіп қалды. Оның үстіндегі киімдері жанып кетіп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оқиға Теректі ауданындағы Долинный ауылында кеше, 8 тамызда орын алған.

Дәрігерлердің айтуынша, 2015 жылы дүниеге келген қызды II-III дәрежелі термиялық күйік шалған. Яғни, денесінің 22 пайызы күйіп қалған. Қыздың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.