Жаңа жылға қараған түнде қазақстандықтарды Назарбаев құттықтамайтын болды

25 желтоқсан, 13:58

Бұл жолы ел тұрғындарына жылы лебізін қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білдіреді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа жылда республикалық телеарналардың эфирінен қазақстандықтарды құттықтамайды.

Мемлекет басшысы өз тілектерін айтып, өтіп бара жатқан жылдың қысқаша қорытындысын шығарып, алдағы мақсаттар туралы бөліседі деп күтілуде.

Ал сіз өзіңізге ел халқын қай Президент (Тұңғыш Президент немесе қазіргі Мемлекет басшысы) құттықтайды деген сауал қойып көрдіңіз бе?