04 желтоқсан, 11:13
Өңір тұрғыны тыйым салынған уақытта тыйым салынған жерге ау салған, деп жазады Elitar.kz тілшісі.
Таяуда Күршім аудандық сотында ҚР ӘҚБжК 3-бабының 383-тармағын бұзған кісінің үстінен әкімшілік іс қаралды. Яғни, ол балық аулау тәртібін бұзған.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бұқтармы су қоймасындағы "Құйған" учаскесінде арнайы рұқсатсыз, синтетикалық үш тормен балық аулаған. Балықшыдан 9 келі балық тәркіленіп алынған.
Сот ер кісінің әрекетін "аяусыз" деп танып, 20 айлық есептік көрсеткіш (48 100 теңге) көлемінде айыппұл кесті.
Балық аулау торлары мен 9 келі балық әкімшілік құқық бұзушылық заттары ретінде жойылды. Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Автор:
Марьяна Абдельдинова, ШҚО