Елорда әкімдігі қаланы басқару жүйесін қайта қарады

19 сәуір, 10:38

Астана әкімдігі халықаралық тәжірибенің негізінде қаланы басқару жүйесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Жаңа жүйеге сәйкес, басқару құрылымы жобалық кеңсе принципі бойынша стратегиялық және операциялық деңгейлерге бөлінген. Трансформация нәтижесінде елорда әкімдігінің төмендегідей жаңа әлеуетті міндеттері анықталды: – Қуатты үнемдеу, энергиялық тиімділік, электр қуаты нарығының қызметін бақылау мен сараптау; – Газбен және қатты отынмен қамту саласын реттеу мен басқару; – Қала құрылысы мен сәулет саласын урбанистикалық тұрғыда дамыту; – Цифрландыру және инновациялық жобаларын әзірлеу; – Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру; – Стратегиялық жобалау; – Әр мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуінің тиімділігін бағалау; – Қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған біртұтас саясатты жүзеге асыру; – Қанатқақты жоба ретінде «Астана қаласының ортасын регенерациялау басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылды. Әлеуметтік құрылымда жаңа инвестициялық жобалар аясындағы жобалау кезеңінен пайдалануға беруге дейінгі шараларды жүзеге асыру басқарманың негізгі міндетіне жатады. Басқарма бизнес-процестердің басым бөлігін цифрландыратын болады. Осыған орай Астана әкімдігі мемлекеттік қызметке үміткерлерді конкурстық негізде қабылдаудың басталғандығын хабарлайды. Конкурстың басталғандығы жөніндегі толығырақ ақпаратты hr-akimat@astana.kz электронды поштасына өтінім түсіру арқылы білуге болады. Осы категория бойынша: « Таразда заңсыз сақталған қару-жарақ қабылдау басталды Еліміздегі іскер әйелдер ұлттық киімдер байқауын өткізді »