"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партия съезінде "Нұр Отан" партиясының жаңа логотипін таныстырды. Ол латын әліпбиінде Елбасының қолымен жасалған. Күн сәулесінің саны 14-тен 17-ге дейін артты. Әңгіме 14 өңір, Астана және республикалық маңызы бар екі қала туралы болып отыр.