"Су ресурстары-Маркетинг" мекемесі шымкенттіктерден суды үнемдеуін сұрайды

22 қараша, 19:26

​Суды ысырап етпеңіз. Кәріз жүйесіне қоқыс тастамаңыз. Осылай деп халықты коммуналды жүйені пайдалану мәдениетіне шақырған «Су ресурстары-Маркетинг» мекемесі арнайы тұрғындарға экскурсия өткізді, деп xабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Мамандар келушілерді су таратудың автоматтандырылған жүйесімен таныстырды. Кейін көпқабатты тұрғын үйлерге апарып, су құбырларын тұрып қалған қалдықтардан тазарту жұмыстарын көрсетті.


Экскурсия барысында тұрғындар бірнеше нысандарды аралады. Олар судың ұңғылау арқылы қалай шығарылып, залалсыздандырылатынын, кәріз жүйесіне түскен қалдық судың қалай тазартылатындығын өз көздерімен көрді.
Қаладан келген лас суды тазалайтын станцияда қалдық су механикалық және биологиялық әдіспен тазартылады. Станцияның қуаттылығы тәулігіне 100 мың текше метрге дейін су тазартуға жетеді. Жұмыс ауқымды. Бірақ, кәріз жүйесі арқылы ағып келген қоқыс қалдықтары апаттық жағдайларға дейін әкеліп, жұмысымызға кедергісін тигізеді дейді мамадар.

- Тұрғындарға айтарымыз, су тазалау барысында өте көп қондырғылар, су сорғыш құралдары, техникалар жұмыс істейді. Қалада авариялық жағдайлар жиі болып тұрады. Яғни, шайынды су тазартқыш қондырғыларына қоқыстар тұрып қалатындықтан насостарымыз істен шығады немесе улы заттар ағып келген кезде біз жүгізетін биологиялық процесстер өзгеріп, су тазарту үшін жіберетін микроағзалар өліп қалады. Оның барлығы авариялық жағдайлар деп есептелінеді. Сондықтан қала тұрғындары канализацияны қолдану мәдениетін сақтап жүрсе, біздің жұмысымызда да кедергілер болмайтынын еді,-деді "Су ресурстары-Маркетинг" мекемесіне қарасты "Биомех" ЖШС-нің бас технологы Назым Жүнісова.


Атйпақшы, судан ажыратылып алынған қалдықтар да мұнда кәдеге асырылады екен. Ауқымды кешенде қалдықтарды өңдеу цехы Польша теxнологиясымен жұмыс істейді. Қалдықтан биогаз алынып, жылу, электр энергиясы өндіріледі.

Экскурсия барысында су мекемесінің басшылығы тұрғындарды суды ысырап етпеуге шақырды.

- Біз бұл шараны тоқсан сайын ұйымдастырып тұрамыз. Мақсатымыз - тұрғындардың коммуналды қызметті тұтыну мәдениетін сақтауға шақыру. Кранға судың оңай жолмен келмейтінін экскурсия барысында өз көздерімен көруге мүмкіндік беру. Шымкенттіктерден суды ысырап етпей, кәріз жүйесіне қоқыс тастамауын өтінеміз. Су жүйесіндегі апатты жағдайлар осындай жағдайлардан орын алады,-деді "Су ресурстары-Маркетинг" мекемесінің аппарат басшысы Мұxтар Сыдықов.