"Абай ауылындағы зорланған бала ісі": Сот залынан репортаж

10 қаңтар, 21:55

«Абай ауылындағы зорланған баланың ісі» бойынша үкімді көбісі күтті, қоғамдық талқыға айналған оқиға туралы екінің бірі әңгіме қылды. Бірінші сыныптағы баланы зорлау күдігіне қатысты мәселені, тіпті, әлемдік БАҚ та жазды. Міне, үкім оқылатын күн келді.

Өңірлік және республикалық БАҚ журналистері Түркістан облыстық ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотта тыңдаудың аяқталуын күні бойы күтті. Сот отырысы өтіп жатқан залға тыңдау кезінде журналистердің кіруіне рұқсат берілмеді. Түске жақын сот ғимаратынан жәбірленуші баланың анасы шығып, журналистермен сөйлесуден үзілді-кесілді бас тартты. Үкім түс қайта оқылатыны белгілі болды.

Үкімнің оқылуын күту
Кешке қарай сот ғимаратынан айыпталушы жеткіншектің адвокаты шығып, ол да пікір білдіруден бас тартты. Бізге зорлық жасады деп тек бір жеткіншек айыпталып жатқаны ғана белгілі болды. Ұзақ күтуден соң соттан айыпталушы жеткіншек анасымен бірге, қарауыл жасағынсыз шықты. Ешқайсысы журналистермен тілдеспеді.
Бостандықтағы аздаған үзіліс
Күртеше киген жеткіншек тыпыршыған күйі анасының соңынан жүріп отырды, адвокат олармен үнемі тілдесумен болды. Ал жеткіншектің бетіндегі қорқыныш анық көрініп тұрды. Сот үкімін күту уақыты тым ұзаққа созылып кетті, тек жұмыс күні аяқталар шақта судьяның хатшысы журналистерді сот залына шақырды.
Үкім
Үлкен зал, ішінде қылмыскерлерге арналған шыны кабинет бар. Зорлық жасады деп айыпталып отырған жеткіншек оған кіргізілмеді. Журналистер үкімнің оқылуын күтіп отыр, судьяның не дейтінін, осынау атышулы істің соңы немен аяқталарын ешкім болжай алмайды. Залға алдымен жәбірленушінің анасы, одан кейін адвокатпен бірге айыпталушы жеткіншек пен анасы, сосын алқабилер сотының мүшелері кірді.
Судья үкімді оқуды бастады, оны тыңдау қиынға соқты. Бір қарағанда «оқымысты» баланың түріне ұқсайтын айыпталушы жеткіншектің бетінен қорқыныш сезіліп тұрды. Ол айналада не болып жатқанын толық түсінбейтіндей әсер қалдырды.
Үкімді алқабилер соты шығарған. Оны судья оқыды.
«Айыпталушы 121-баптың 4-тармағы бойынша кінәлі деп табылып, қауіпсіздігі орташа дәрежелі колонияға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - деп оқыды судья Самидин Темірәлиев.
Судья үкімді оқып, «7» деген цифрды оқыған кезде бала сасып қалды, сол сәттен бастап айыпталушының анасы өзін-өзі ұстай алмай қалды. Судья үкім оқып болған соң айыпталушыны алып кетуді бұйырды.
Менің ұлым кінәлі емес
Жеткіншектің анасы үкімнің оқылып бітуін күткен жоқ, айғайлай бастады. Анасын айыпталушы жеткіншек те жұбатып жатыр, одан кейін жеткіншекті полицейлер алып кетті. Әйел алқабилер сотын айыптап, әділдікті талап ете бастады, олардың әрқайсысы өз баласының басына түскен жағдайға душар болсын деген жалғыз сөзді қайталаумен болды.
«Мен бұл өмірдегі әділдікке сенбеймін, ұлым кінәлі емес, соншалықты үміттеніп күттім ғой. Сендер менің баламды ақтап алмадыңдар, оны менен айырдыңдар», - осы сөздерден соң айыпталушы жеткіншектің анасы есінен танып қалды.
Алқабилер соты үкім оқылып біткен соң бірден кете бастады.

7 жыл мерзім

Адвокаттың сөзінен айыпталушы тараптың сот шешімімен келіспейтіні, апелляцияға арызданатыны белгілі болды.
Барлығы аяқталған соң судья журналистерге шығып, үкімді тағы бір рет оқыды да кетті. Бұл кеш, бұл жағдай журналистер мен еліміздің көптеген тұрғындарының есінде ұзақ сақталатын болды. Жеткіншекке енді өзінің жазасын колонияда өтеуге, ал жәбірленуші балаға осынау қайғылы жағдаймен өмір сүруге тура келеді.