Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жаңаөзен қалалық сотының судьясы А.Сейлхановаға және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ТКШ бас маманы А.Ақназаровқа сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. А.Сейлханова Жаңаөзен жер қатынастары бөлімінің талап арызын қарауынсыз қалдыру туралы өкім шығарғаны үшін азаматтардан делдал А.Ақназаров арқылы 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктенген. Аталған фактіні жемқорлыққа қарсы қызмет Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп анықтаған. Ағымдағы жылдың 17 қазанында Ақтау қалалық сотының үкімімен А.Сейлханова сотталып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімімен А.Ақназаровқа 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Айта кетерлігі, енді сотталғандардың екеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметте еңбек ете алмайды.