19 ақпан, 13:36
Үйге ол жертөледегі терезе арқылы кірген.
Қаратау аудандық сотында 6 ақпан күнгі ерлі-зайыптыларды өлтіру оқиғасына қатысты сот басталды. Айыпталушы - отбасының бұрынғы жүргізушісі. Ол өз кінәсін толық мойындап, кешірім сұрап отыр.
"Мен кешірім сұраймын, кінәмді толық мойындаймын", - деді айыпталушы.
Процессуалды прокурор - Шымкент қаласының прокуроры. Құзырлы орган өкілінің айтуынша, істі тексеру барысында бірнеше болжам қаралып, соның бірі ретінде 28 жастағы бұрынғы жүргізуші де күдікке ілінген.
"Бұл кісі үйге жертөленің терезесі арқылы кірген. Теледидар көріп отырған Толыбаевқа оқ атады. Үй иесі соның салдарынан оқиға орнында мерт болды. Қылмыскер одан кейін ас бөлмесіне кіріп, пышақ алып, үй иесінің жұбайына көптеген жарақат салған. Күдіктіге қарақшылық шабуыл жасау және қаруды заңсыз алып жүрумен қоса екі және одан көп адамды өлтірді деген ауыр айып тағылды", - деді Шымкент қаласының прокуроры Мақсат Қожабаев.
Айыпталушының отбасы бар. Ауыр қылмысқа не себепті барғаны белгісіз.
Автор: Шуддин Саидов