РТР телеарнасының түсірілім тобы «По секрету всему свету!» бағдарламасының кезекті шығарылымын Шымкент қаласы мен Түркістан облысының аумағында түсіруде, деп жазады Elitar.kz тілшісі.
«По секрету всему свету!» - саяхатқа шығуды жаны сүйетін жандарға арналған бағдарлама. Шығармашылық топ Жер шарының ең көрікті әрі таң қаларлық орындарына саяхат жасауға шақырады. Бағдарлама жүргізушісі жергілікті ерекшеліктер туралы ғана емес, сонда тұратын халық туралы жеңіл тілмен әрі қызықты етіп баяндайды. Себебі, қай жер болмасын адамымен қызықты! Саяхаттың бар қызығы да сонда.