Бұл туралы Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасай отырып Elitar.kz. хабарлайды.
Таллин қаласының мэрі, Қызылорданың тумасы Михаил Кылварт Қызылорда облысының әкімі мен жерлестеріне қолдау көрсеткендері үшін ізгі тілектерін білдірді.
Облыс
әкімі Қырымбек Көшербаев Кылварттың
мэр лауазымына сайланғаны үшін оған
құттықтау жеделхатын жолдаған.
Аймақ
басшысының атына Қылварт мырзадан да
жеделхат
келіп, әкім
мен жерлестеріне құттықтау мен тілек
білдіргені үшін алғысын білдірді.
Естеріңізге
сала кетейік, бұған дейін Қызылорданың
тумасы Михаил Кылварт Таллин қаласының
мэрі қызметіне сайланған
болатын.