Иманғали Тасмағамбетовтың ән орындаған сәтінің видеосы желіде қызу талқыға түсті.
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің ән шырқап тұрған сәтінің видеосын Ербол Еділов есімді Facebook қолданушысы желіге жүктеді, деп хабарлайды Elitar.kz.
Тасмағамбетов мерекелік кештердің бірінде танымал композитор Төлеген Мұхамеджановтың сүйемелдеуімен «Напрасные слова» әнін орындайды. Видеоны көрген желі қолданушылары Тасмағамбетовтің талантына тәнті болып, жер көкке сыйғызбай мақтай түсті.
Жазылған пікірлерге қарағанда елшінің ән орындауы көпшілікке ұнаған. Тіпті пікір қалдырғандардың кейбірі ерекше талантымен көзге түскен елші шоу бизнесте жүрген талай өнер иесін шаңына да ілестіре алмайтынын айтқан. Айтпақшы, видеоны көрген желі қолданушыларының бірі Иманғали Тасмағамбетовтың жас кезінде гитара ұстап түскен суретін жария етіп, елді елең еткізіп қойды.
Фото: Zakon.kz
Видео: Ербол Еділовтің Facebook парақшасы