Тараздық полицейлерге 35 жастағы тұрғын арызданған. Ол өз шағымында танысы қаланың шағынаудандарының бірінен пәтер сатып алуға көмектесемін деген сылтаумен сеніміне кіргенін көрсеткен. Осылайша оның 2 млн теңгесін алдап алған екен. Алайда жаңа үй әпермеген, не алған ақшасын да қайтармаған.
«Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық)сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті кінәсін толық мойындады» деп атап өтті Жамбыл облыстық Полиция департаментіндегілер.