Халықаралық тәжірибеге сай, тауарды таңбалау – көлеңкелі тауар айналымын төмендетуге бағытталған құралдың бірі. Таңбаланған тауар тұтынушыларды жалған және контрафактіден қорғап, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді. Сондай-ақ, мемлекет сату тізбегін қадағалап, бизнеске арадағы делдал санын азайтуды ұсынып, сенімсіз кәсіпкерлердің үстеме пайда алуына жол бермеу мен тауар құнын реттеуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі. Халықаралық тәжірибе де осы тетікті енгізу тауарлардың өндірістен немесе импортты әкелуден бастап, түпкілікті сатуға және айналымнан шығаруға дейінгі өмірлік циклін қадағалауға ғана емес, сондай-ақ бюджетке салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.Мәселен, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараты бойынша тері бұйымдарын таңбалауды енгізудің арқасында тері бұйымдарын сатудан 2019 жылдың жеті айында бюджетке түскен салық пен кеден төлемдері 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 55%-ға өскен.