Ғалымдар ақыры темекіні тастауға көмектесетін ең дұрыс жолды таба алды. Ғылыми қызметкерлер жаңа әдіс 100% көмектеседі деп отыр.
Жақында шетелдік ғалымдар тобы жаңа инновациялық әдіс ойлап тапты. Экспериментке 6000 ерікті қатысты, олар темекіні тастаудың барлық тәсілдерін бастан өткерген.
Зерттеу барысында қатысушылар
топтарға бөлінді.
Бірінші топқа
салауатты өмір салтының пайдасы туралы
айтылды, екінші топқа
никотин пластыраларын немесе электронды
темекіні пайдалану ұсынылды.
Ал басқа эксперимент
қатысушыларына зиянды әдеттен бас
тартқаны үшін 600 доллар көлемінде
ақшалай сыйақы ұсынылды.
Қорытынды
көрсеткендей, шылым шегумен күресте ең
жақсы үшінші әдіс болып
шыққан.
Зерттеу нәтижелері
бойынша ғалымдар никотинге
тәуелділіктен арылудың әдеттегі
тәсілдері мүлдем тиімсіз деген қорытынды
жасады. Ғалымдар қаржылық сыйақы
әдісі ең тиімді тәсіл деп
санайды. Әсіресе қызметкерлерінің
салауатты өмір салтын ұстануына мүдделі
компаниялар осы тәсілді қолдануына
әбден болады.
Иә, бұл қаржылық әдіс - шегуді тастауға үйрететін барлық белгілі әдістер арасында ең арзаны және табыстысы болуы мүмкін.