29 қаңтар, 09:51
Еуразиялық топ (ERG) құрамына кіретін Шымкенттегі «3-Энергоорталық» АҚ 2018 жылы қалаға жылу беру мөлшерін 8%-ға арттырған.
Жылу станциясының бас директоры Жақып Хайрушевтің айтуынша, өндіріліп, Шымкентке жеткізілген жылу көлемінің артуына 2018 жылғы жылыту маусымының 2017 жылға қарағанда ерте – қазан айынан басталғаны себеп болды. Яғни, 2017 жылы ЖЭО 7 ай тұрса, 2018 жылы 6 ай тұрды. Әсіресе, 2018 жылдың қазан айы мен қарашаның екінші жартысында қатты аяз болды. Жіберілген гигакалория көлемі бойынша рекорд былтырғы 25 қарашаға тура келген – 4 941 Гкал.
Қабылданып, жүзеге асырылған инвестициялық бағдарлама да жылу мен электр энергиясын өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. 2016-2021 жылдары құрылғыларды жөндеуге және жаңартуға 673 млн теңгеден астам қаржы бөлінді, оның ішінде 2018 жылы - 143 млн теңгеден астам қаражат. Қосымша ERG жөндеу жұмыстарына тағы 723 млн теңге бөлген. Бұл қаржыға станцияда электролизді құрылғы, №1 турбоагрегат толық жөнделді, қуат сорғыларының бірі алмастырылды.
Жалпы, 2018 жылы 3-ЖЭО 455 млн кВт/с электр энергиясы мен 652 мың Гкал жылу энергиясын өндірген.
Автор:
Elitar.kz