Төлебиде қиын жағдайға тап болғандарға арналған «Үміт үйі» ашылды

22 қыркүйек, 19:44

Түркістан облысындағы Төлеби ауданының орталығында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен отбасын қолдау орталығы ашылды.

«Үміт үйі» атауына ие болған орталықта ең алдымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек беріліп, қиын жағдайға душар болған ересектер мен балаларға психологиялық қолдау көрсетіледі. Ауданның кез келген жастағы тұрғыны, күйзеліске ұшыраған отбасылары әлеуметтік-құқықтық көмек ала алады.

Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрмыстық жанжалдың құрбандары уақытша паналайтын орын 5 бөлмеден тұрады. Аталған орталық Түркістан облысына қарасты аудандар арасында алғашқы болып ашылып отыр.