Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы полицейлерге жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, өзіне тиесілі бау-бақшасынан белгісіз біреулер 4 қап алма ұрлаған. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 187-бабы «Ұсақ-түйек жымқыру» бойынша тіркелген.
«Жәбірленушіге ұрланған алмалары қайтарылды. Ұсталған ер азаматтың бұдан басқа да ұрлық жайттарына қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.