Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.
Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын танысының «марихуанна» есірткі затын сатумен айналысатынын айтып арызданған.
Жедел іс-шаралар барысында арнайы техникалық құрылғылардың көмегімен арызанушының күдіктіден 7 000 теңгеге 1 дана полиэтилен пакетке салынған өзіне тән хош иісті жасыл түсті өсімдік тектес затты сатып алғаны түсіріліп алынған.
Аталған есірткі затына ұқсас затқа сараптама тағайындалып, арызданушының берген есірткіге ұқсас заты – кептірілген марихуанна екені анықталды. Жалпы салмағы – шамамен 32 грамм.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті азаматтың кім екені анықталып, үйіне тінту жүргізу барысында қорасынан бір дана қағазға оралған хош иісті зат және есірткіні шегуге арналған құралдары тәркіленіп алынып, айғақты заттарға сараптама тағайындалды.
Осы жайт бойынша күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.