Алматы қаласында тек түнгі уақытта жорыққа шығып, қылмысқа барып жүрген 20 жасар жігіт ұсталды. Ол өз құрбаны ретінде көшеде жалғыз жүрген бойжеткендерді таңдаған.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта тонау бойынша үш деректі анықтадық. Бір эпизод бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қыздар төтеп бере алмайтын жағдайға жеткен кезде, ол барлық құнды заттарды: ұялы телефондарды, ақшаны алып, қараңғы көшелерде тығылып қалып жүрген. Сондай-ақ, қаскөй жәбірленушіден тартып алған ақшамен дүкенде төлем жасап жатқан дерек те тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.