Астанадағы 5 қыздың өлімі: ТЖК қайғылы жағдайдың нақты себебін мәлімдеді

11 ақпан, 11:31

Сол бір қайғылы түні шағын үйден мұржаны бөлудегі қауіпсіздік ережесі сақталмауы салдарынан өрт шыққан. Яғни, мұржа мен үйдің төбесі жабысып тұрған. Құбырдың өзін дұрыс бекітпеудің соңы қайғылы жағдайға соқтырып отыр.
Еске салайық, 4 ақпан түні Астанадағы Сарыарқа ауданы Көктал-1 тұрғын алабындағы жеке үйдің ауласындағы шағын үй өртенді. Соның салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылғы юір үйдің бес қызы мерт болды.