Келсеңіздер болды: қазақстандықтарды Тайланд пен Түркия елдеріне визасыз келуге шақырды

27 қараша, 12:11

​Қазақстан азаматтары үшін Түркияда визасыз болу мерзімі 30 күннен 90 күнге дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚР СІМ хабарлады.

Одан өзге Тайланд билігінің шешімі бойынша, 2018 жылдың 15 қарашасынан 2019 жылдың 13 қаңтарына дейін Қазақстан азаматтары Тайландқа келіп, виза үшін ақы төлемей, 15 күнге дейін елде бола алады. Қалған күндері Тайландқа келген туристік визаның құны бұрынғы – 2000 тай батын құрайды.