25 ақпан, 19:16
Шымкент қаласы мен Түркістан облысында жүзден астам шешен және ингуш отбасылары өмір сүреді. Олардың барлығы сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған босқындардың ұрпақтары. Жыл сайын 23 ақпан күні шешендер мен ингуштар жиналып, ас береді, жер аудару кезінде мерт болғандарды еске алады.
Elitar.kz тілшісі Шымкенттегі шешендердің өмірі жайлы баяндайды.
20 ақпан күні Берия операцияны жеке өзі басқару үшін Грозныйға келеді. "Чечевица" 23 ақпан түні сағат 2-де басталды. Куәгерлердің айтуынша, кейбір сарбаздар көздеріне жас алып жүріп көмектескен. Кейінірек кейбір ауылдарда адамдардың қалғаны белгілі болған кезде НКВД органдары тұрғындарды көшіруге көлік күтеміз деген сылтаумен Хайбах ауылына жинайды. Содан кейін атқораға кіргізіп, от қояды. Ал солдаттарға өрттен қашқандарды атуды бұйырған.
"Уақыт өткенімен, ешкім де, ештеңе де ұмыт қалмады. Мен Кеңесарық ауылына жеткізілдім. Қазақтар бізге бауырымыздай болды, бола береді де. Бір нанды бөліп жедік. Қазір бір отбасыдай өмір сүріп, ешқандай жиынымыздан шет қалмаймыз. Қазақ халқы шешендердің өмірінде үлкен маңызға ие. Оларға алғым айтамыз!", - дейді Есита Чинтиева.
Міне, көп жылдан бері 23 ақпан күні шымкенттік шешендер жер аудару кезінде көз жұмғандарды еске алып, ас береді. Құдайдан бейбіт заманды тілеп, дұға жасайды. Шешендер мен ингуштар Қазақстанда жүздеген мың вайнахты қабылдап, құшағын жайған Қазақ халқына алғыс айтады.