Екі адам Жетісайда, тағы бір адам Қарасу ауылында қайтыс болды
10 қараша күні таңертең Түркістан облысының Жетісай қаласында екі адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Қайғылы жағдай 2000 жылы туған жеткіншектердің өмірін қиып кеткен.
Оқиға орнына келген газ саласының мамандары үйдің ішіне ирандық пештің құбырсыз орнатылғанын анықтады. Енді қайғылы жағдайдың себеп-салдары сот-медициналық сараптама нәтижесінде анықталады.
Екінші оқиға да 10 қараша күні болған. Қарасу ауылында 1956 жылы туған ер кісі уланып қалды. Оқиға орнына келген бригада 3 бөлмелі шағын үйдің кіреберісіне орнатылған жылыту қазандығының түтін тартпай тұрғанын анықтады. Ал үйде желдету жүйесі жоқ. Марқұм қолдан жасалған жылыту қазандығының жанында жатқан.