Түркістан: 563 мектептің камерасы жедел басқару орталықтарына қосылды

13 маусым, 15:21

Түркістан облысында 943 мектептің 563 камерасы Жедел басқару орталықтарына қосылды. Бұл жалпы мектептердің 60%-ын құрайды. Жоспар бойынша техникалық мүмкіндігі бар жалпы 750-ге жуық мектепті жедел басқару орталықтарына шығару жоспарланып отыр.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасымен барлық білім беру ұйымдарындағы бейнебақылау камераларын полиция органдарының жедел басқару орталығына шығару тапсырмасы түскен болатын.