Сырдария өзенінің бойында орналасқан Арыс қаласына қарасты елді мекендерде шыбын-шіркейлердің көбейіп кетуіне байланысты қала әкімінің тапсырмасына орай, шұғыл түрде биолог-энтомолог мамандарды тарта отырып, зерделеу-анықтау жұмыстары жүргізілуде. Осы бағытта шіркейлердің пайда болу ошақтары мен елді мекен аумақтарын залалсыздандыру жұмыстары қолға алынды.
«Энтомолог мамандардың түсіндіруінше, шыбын-шіркей дернәсілдерінің ошақтары Көксарай су реттегіші мен Сырдария өзенінің бойында анықталып отыр. Қазіргі таңда зерделеу жұмыстарының бірнеше кезеңдері аяқталды. Жақын күндері қорытынды беріледі және соған сәйкес қала аумағында орналасқан елді мекендерде дәрілеу, дезинсекциялау жұмыстары толығымен жүргізілетін болады», – дейді Қазыбек Бауыржанұлы.