Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында денсаулығына қауіп төнген науқасқа құрсақ қолқасының аневризмасын эндопротездеуі отасы сәтті жасалды. Облыстық клиникалық ауруханасында озық ангиографиялық кешеннің пайда болуымен дәрігерлер командасы құрылып, МӘМС жүйесінде жоғары технологиялық медициналық көмектің осы түрі енгізілген болатын.
Құрсақ аортасының аневризмасы (ҚАА) — ауыр ауру. Көбінесе кездейсоқ анықталады. Аневризманың жарылуы немесе жыртылуы көбінесе «құрсақ аортасының аневризмасының» алғашқы симптомы болып есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеде жоғары технологиялық медициналық көмектің балама әдісі стент-графт имплантациясымен эндоваскулярлық отасы (эндопротез) 99% жағдайда он нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қан тамырының ішінен жасалатын отаның бұл түрі, құрсақ қуысын ашып жасағаннан әлдеқайда қауіпсіз және егде жастағы науқастарға жасауға мүмкіндік береді, - дейді мамандар.