Түркістан облысында тауға шығамын деп тұманда адасып қалған 4 азамат құтқарылды

23 мамыр, 11:37

Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызмеіне 22.05.2022 жылы сағат 22:10-да хабар түскен. Құтқарушылардың дерегінше, төрт адам 22.05.2022 жылы сағат 11:00-де Сусіңген көлінен шығып, «Алтын-Дән» демалыс аймағына бағыт алып және қайта оралмаған.

Төлеби ауданы, Қасқасу а/о, Керегетас ауылынан 5 шақырым жердегі Наутсай шатқалына ТЖД 17 құтқарушысы, кинология бөлімінің 1 қызметкері, 2 бірлік техника және Полиция департаментінің 4 қызметкері, Ұлттық парктің 5 қызметкері жұмылдырылды.
Жоғалғандар 23.05.2022 жылы сағат 02:32-де ТЖД күшімен Наутсай шатқалынан 10 шақырым жердегі Құлыншақты таулы жерінен табылды. Адасқандардың айтуынша, олар тұманда адасып қалыпты.
Бүгін таңғы сағат 06:35-те іздеу тобы жоғалғандарды түсіріп, құтқарды. Оларға медициналық көмекті қажет етпеді, деп хабарлайды Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Галерея

1407
1408
1409
1410
1411
1412