Ордабасы ауданының тұрғынына ауылдасы «жылқы еттерін сатып, әр айдың соңында жинап беремін» - деп сеніміне кірген. Алайда 8 жылқының етіп алған әйел 1 жылға жуық уақыт өтсе де қарызды қайтармай жүріп алған. Жәбірленушіге келген шығын 2,5 млн теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.