Сенбі күні небәрі 20 минут жауған нөсер жауын аудан орталығы Қазығұрт ауылындағы жетпіске жуық отбасын әбіржітіп кетті. Адам және мал шығыны жоқ. Жергілікті әкімдіктің дерегінше, 1 тұрғын үй құлайын деп тұр. Қауіпті баспананың тұрғындары туыстарының үйіне эвакуацияланды.
-Жексенбі күні аудан жастарынан құрылған 25 еріктілер іске кірісті. Одан бөлек қосымша ауданда жұмыс істеп жатқан жүздеген адамға қосымша Шымкент пен Сарыағаш қаласынан да жастар жұмылды. Зардап шеккен тұрғындарға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Қазір ауданжа жағдай тұрақты,- деді аудандық әкімдіктің баспасөз хатшысы Сапарбек Қалботаев.