Қомақты қаржы Сайрам ауданындағы жылыжайлардың бірінен ұрланған. Полицияға арызданған азаматтың айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреулердің оның жылыжай аумағына кіріп, 1,8 миллионға жуық ақшасы бар темір сейфті көтеріп кеткен. Аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығымен тіркеуге алынды.
«Жау алыстан келмейді» дегендей, күдіктінің бірі бұрын осы жылыжайда жұмысшы болған жас жігіт болып шықты. Ақша керек болған жастар, түнгі уақытта жолын тауып, жылыжайдың қоймасына ұрлыққа түсіп, сейфті қолды еткен. Олар сейфтен шыққан ақшаны теңдей бөліп алыпты. Айғақты зат ретінде ақша мен сейф алынды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» - деп хабарлады ТО ПД баспасөз қызметі.