Түркістан облысы: Шардарада жол көлік апаты болып, 4 адам қаза тапты

20 маусым, 11:24

Жол апаты Шардара су қоймасының маңында болған. Видео авторының сөзінше, "BMW 525i" көлігі жолдан шығып кетіп, сайға қарай аударылып кеткен. Оқиға орнында қалың шаң көтерілгенін көруге болады. Сол маңнан өтіп бара жатқан жүргізушілер жылдам тоқтап, көмекке ұмтылды. Жедел жәрдем қызметін шақыртқанда солар. Әлеуметтік желіде тараған видеода BMW автокөлігінің қаңқалары әр жерде шашылып жатты. Куәгерлердің айтуынша, көлік ішінде үш қыз, екі ер бала болған. Жол көлік апатынан аман қалған бір адам ауруханаға жеткізілген.