Келес ауданында учаскелік инспекторлар жергілікті тұрғынның ауласынан снарядқа ұқсас зат тапты. Белгілі болғандай, ауыл тұрғыны үйіне көрші ауданнан металл алып келген. Темірлерді сұрыптау кезінде арасынан екі снаряд тауып алыпты. Ол бірден полицейлерді шақыртқан.