Түрлі дене дарақатын алған келіншек алты күн бойы ауруханада ес жимаған. Үлгілі ауылының тұрғыны түн ортасында келіп, әйелін аяусыз ұрып соққан. Денесінің сау тамтығы қалмаған көпбалалы ана 22-маусым күні жан тапсырды. Қазір әйеліне озбырлық танытқан күдікті қамауда. Марқұмның артында үш ұлы, бір қызы қалды. Оның үлкені 8 жасар, кішісі 11 айлық бала. Полиция «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бабымен іс қозғаған.
Бұл жағдай 11-маусым күні болған. Жансақтау бөліміне әйел адамның қатты соққы алып, түрлі дене жарақатымен түскен туралы хабарлама келіп түсті. Оның күйеуі 14-маусым күні қамауға алынды. ҚР ҚК 106 бабы 1-бөлігімен сол кезде іс қозғалған. Ал 22-маусым күні жас әйелдің есін жимастан қайтыс болуына байланысты аталған қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 106 бабының 3-ші бөлігімен қайта сараланып, бүгінгі күні толыққанды сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.