13 мамыр, 17:08
Полицейлер кезекті рейд кезінде Арыс, Сарыағаш және Отырар аудандарының аумақтарында далалы жерлерде өсетін емдік қасиеті өте жоғары дәрілік «кеурек» (ферула) шөбін заңсыз қазғандарды ұстады.
Отырар ауданында Тәжікстан елінің 33 азаматы , сондай-ақ 101 Өзбекстан азаматы Арыс ауданында заңсыз жұмыс істеп жүрген жерінен ұсталды.

«Олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша жауапқа тартылып, 100-ден астам шетелдік әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар «Кеурек» шөбін қазуға заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан Қазақстан Республикасының 2 азаматы анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабымен «Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту» бойынша хаттама түзілді», деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі