​Түркістан облысында 42 жастағы ер кісі 9 жасар баланы зорламақ болды

15 қараша, 08:45

Сексуалды пиғылын жүзеге асырмақ болды деп күдіктелген азаматты полицияға баланың туыстары тапсырған.

Түркістан облысында педофилдер әрекеті тыйылар емес. Бұл жолы шу Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылындан шықты, деп хабарлайды Elitar.kz.

42 жастағы ер кісі 9 жастағы баланы зорламақ болды деп күдікке ілініп отыр. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 24-бабы мен 121-бабының 4-бөлімі бойынша іс қозғалды. Ол енді сот алдында кәмелет жасына толмаған балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетпек болғаны үшін жауап береді. Күдікті қамауға алынды, Сайрам аудандық соты тергеу кезінде 2 ай мерзімге қамауға алу және күзетпен ұстау санкциясын берді. Белгілісі, күдікті арам пиғылды әрекетін жүзеге асырмақ болғанда ішімдікке сылқия тойып алған.

ФОТО: sreda24.ru