Сарыағаш ауданында «Етті-май бағытындағы Халықаралық асыл тұқымды қойлар» көрмесі ұйымдастырылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ұйытқы болған шараға Ресей, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің қой өсіруші қоғамдық бірлестіктерінен тұратын 145 шетел азаматтары мен еліміздің 8 облысынан келген шаруалар қатысты.
-Аталған көрме облысымыздың қой шаруашылығындағы жетістіктерімен таныстыру және тәжірибе алмасу болып табылады. Бұл шара сондай-ақ, қой шаруашылығымен айналысатын шаруаларға қосымша серпін беріп, тәжірибе алмасуда үлкен нәтиже береді, - деді ұйымдастырушылар.